«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы екі елді мекенге жаңа спорт кешендерін салып берді

03.04.2026 17:41 Арман Ермеков
«Қазақмыс» Жамбыл облысындағы екі елді мекенге жаңа спорт кешендерін салып берді
43
Фото: KAZAKHMYS

Жамбыл облысының Шу қаласы мен Бірлік ауылында «Қазақмыс» корпорациясының қаржыландыруымен заманауи модульдік спорт залдары ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Жалпы құны 346 млн теңгені құрайтын бұл жоба «Қазақстан халқына» қоры мен облыс әкімдігінің бірлескен әріптестігі аясында жүзеге асырылды.

Жыл бойы жұмыс істейтін жаңа нысандар күніне 100 адамның футбол, волейбол және баскетбол сияқты командалық спорт түрлерімен айналысуына мүмкіндік береді. Жаңа кешендер 40 мыңнан астам тұрғыны бар Шу қаласындағы спорттық инфрақұрылым тапшылығын азайтып, 5 мың адам тұратын Бірлік ауылының жұртшылығына қыс мезгілінде де жаттығу жасауға толық жағдай туғызып отыр.

Фото: KAZAKHMYS

Бұл орталықтарда балалар мен жасөспірімдердің, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар жандардың спортпен кедергісіз шұғылдануына басты назар аударылған. Спорт залдарының ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, қор өкілдері, жергілікті тұрғындар мен спорт ардагерлері қатысты.

Бұл жоба «Қазақмыс» корпорациясының өңірлерді дамытуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі саналады. Компания Шу ауданы әкімдігімен жасалған өзара іс-қимыл меморандумы аясында 2023 жылдан бері аймақтағы әлеуметтік жобаларға 1,7 млрд теңге қаржы бөлді. Осы қаражат есебінен өңірде түрлі спорт және балалар алаңдары салынып, елді мекендерді абаттандыру мен әлеуметтік осал топтарды қолдау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда компания спорт пен білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий