Қазақ-орыс премьер-министрлері кездесті

Қазақ-орыс премьер-министрлері кездесті
24.07.2025 15:02
0
276
Сурет: Үкімет

Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылу барысын талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесіп, мемлекеттер арасындағы жоғары деңгейдегі келісімдердің орындалуын талқылады.

Кездесу кезінде қос тарап Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен сенімді диалогтың жоғары деңгейін атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $27,8 млрд-қа жетсе, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында бұл көрсеткіш $9,6 млрд-ты құрады.

«Мемлекеттер басшыларының тапсырмасы бойынша біз өзара сауда көлемін $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Инвестициялық ынтымақтастықта зор мүмкіндіктер бар. Жалпы, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын шешуде ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді қызметін атап өткім келеді», – деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, тараптар осы жылдың күзінде Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысына ерекше көңіл бөлді.

Кездесу қорытындысында екі ел үкіметтері барлық басым бағыттар бойынша экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий