"Қазақша сөйле" дегені үшін көпбалалы курьерді жұмыстан шығарған мұғалім болып шықты

08.04.2025 12:02
0
304
alash.kz

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа ашық үндеу жариялап, әлеуметтік желідегі белсенділігін арттыруға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, білім саласындағы кейбір әділетсіздіктер қоғамда резонанс тудырып отыр, алайда министрлік тарапынан ешқандай реакция байқалмайды. Журналист нақты мысал ретінде TikTok-та белсенділік танытып жүрген, мұғалім қызметінен босатылған Асылхан Алимханович есімді азаматтың жағдайын келтірді. Ол — жас маман, әрі өз ұстанымын ашық білдіргені үшін жұмыстан қуылған. Сонымен қатар, көпбалалы, ауылдан шыққан, қазақ тілін қорғаған азаматтың да дәл осындай жағдайға тап болғанын айтты.

Бибігүл Дәулетбекқызы министрдің әлеуметтік желідегі парақшасында тек жақсы жаңалықтар ғана жарияланатынына назар аударып, шынайы мәселелерге үнсіз қалмауын талап етті. Бұрынғы министр Асхат Аймағамбетовтың қоғамдағы әрбір даулы мәселеге дер кезінде жауап қатқанын еске салып, қазіргі министрдің де ашықтық пен жауапкершілікті ұстануы керектігін атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий