Қазақстан АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыста қай тарапты қолдайды?
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлібек Бақаев Қазақстан үшінші мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау ұстанымын бұрын да ұстанғанын, қазір де ұстанатынын және алдағы уақытта да осы бағыттан таймайтынын айтты.
«Сондықтан бұл жағдайда біз ешбір тарапты қолдамаймыз: Иран тарапын да, шабуылға ұшыраған елдердің тарапын да қолдамаймыз. Біз, ең алдымен, мұндай қақтығыстардың, әсіресе әскери қақтығыстардың болмағанын қалаймыз. Ал егер олар орын алса, онда олардың шешімі дипломатиялық келіссөздер үстелінде табылуы тиіс деп санаймыз. Біз мұндай қақтығыстар халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ Жарғысына сәйкес шешілуі қажет деген ұстанымды ұстанамыз. Мұның барлығы халықаралық құжаттарда көрсетілген. Бұл ұстаным өзгеріссіз қалады», — деп түсіндірді министрдің орынбасары.
Сондай-ақ Бақаев ұсыныс түссе, Қазақстан Иран бойынша келіссөздер жүргізу үшін платформа ұсынуға дайын екенін айтты.
Вице-министр Қазақстанның мұндай кездесулер өткізу тәжірибесі бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, осыған дейін еліміздің СІМ Иран халқына көңіл айтатынын хабарлаған. Министрлік Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын мәлімдеді, бірақ араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға алаңдаушылық білдірді.
Соңғы жаңалықтар