Қазақстан әскерінде тағы бір сарбаз өзін атып өлтірді

27.01.2026 22:11 Берік Арманов Берік Арманов
Қазақстан әскерінде тағы бір сарбаз өзін атып өлтірді
60
Фото: gov.kz

Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Politico.kz.

ІІМ әскери-тергеу органдарының мәліметінше, оқиға ағымдағы жылдың 27 қаңтарында болған. Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының жеке бақылауына алынды.

Оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті әрі жан-жақты анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына барды.

Сонымен қатар, олар еліміздің тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының орындалуына қатысты жан-жақты тексеру ұйымдастыруды тапсырды.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ мерзімді әскери қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралатын болады.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да да сарбаз өзіне атып қаза болған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий