Қазақстан бокстан Азия чемпионатында Өзбекстанды басып озды
10 сәуір күні Ұлан-Батыр қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы турнирдің жалпы медаль кестесінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстандық боксшылар чемпионатта жалпы 13 медаль иеленді. Оның ішінде - 6 алтын, 3 күміc, 4 қола.
Финалдық бәсекелердің алғашқы күнінде әйелдер құрамасы -2 алтын, 1 күміс, 2 қола жеңіп алып, команданы медаль кестесінде екінші орынға шығарды.
Ал екінші күні ерлер құрамасы өз саласында үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанды жалпы есепте көшбасшы етті.
Жалпы медаль кестесі (Азия чемпионаты – 2026)
- Қазақстан – 6 алтын, 3 күміс, 4 қола
- Үндістан – 5 алтын, 3 күміс, 8 қола
- Өзбекстан – 3 алтын, 4 күміс, 4 қола
Қазақстан құрамасының жүлдегерлерi
Алтын медаль иегерлері:
Надежда Рябец, Дина Исламбекова, Сабыржан Аққалықов, Оразбек Асылқұлов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай.
Күміс жүлдегерлер:
Бақыт Сейдіш, Төрехан Сабырхан.
Қола жүлдегерлер:
Айгерім Саттыбаева, Валентина Хальзова, Ертуған Зейноллинов, Махмуд Сабырхан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...