«Қазақстан келді!» - өзбек жанкүйерлерінің әлем чемпионатындағы құрметі
948
Өзбек жанкүйерлері өз жерінде өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына қолдау білдірді.
Футзалдан Қазақстан құрамасының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видеодан өзбек жанкүйерлерінің «Қазақстан келді» деп ән салғанын көруге болады. Олар Өзбекстан мен Қазақстан туын желбіретіп, шеру жасаған. Сондай-ақ қазақ-өзбек жанкүйерлері әйгілі Әндіжан полькасына билеп, көңіл көтерген.
Бұдан бөлек, Қазақстан-Ливия ойынында қырғыз, өзбек, түрік жанкүйерлері қазақстандық футзалшыларға қолдау білдірді. Бұл матчта Қазақстан құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Өзбекстандағы футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Ұлттық құрама топтық кезеңнің үшінші турының қорытындысы бойынша D тобында 4 ұпаймен екінші орынға жайғасты.
Осылайша, Қазақстан футзалшылары үшінші турдың нәтижесі қандай болса да 1/8 финалда ойнайды.
Рикардо Кака шәкірттерінің топтық кезеңдегі соңғы ойыны бүгін, яғни 21 қыркүйекте Жаңа Зеландия құрамасына қарсы өтеді. Бұл матч Астана уақыты бойынша 17:30-да басталады.
Фото: instagram.com/kff_team_futsal
Соңғы жаңалықтар
15.07.2026
23:08
Алматыда дипломын жыртқан түлек жауапқа тартылды
15.07.2026
22:14
Қызметтік көлікпен 1,5 жастағы сәбиді қағып өлт...
15.07.2026
21:48
Базарда жоғалған әйел өз анасының үйінен небәрі...
15.07.2026
21:14
Нұрай Серікбайдың ісінде күтпеген жағдай: Заңге...
15.07.2026
20:41
Әнші Қарлығаш Сұлтанша: Балам ауырғанда ешкім қ...
15.07.2026
20:17
Дрон шабуылынан кейін Ресейдегі алып мұнай зауы...