Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды

19.02.2026 16:26 Мөлдір Талғат
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды
1894
Фото: ашық дереккөз

Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының деректеріне сәйкес, жер сілкінісі 19 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 14:15-те болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Жерасты дүмпулерінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 317 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,0 болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, магнитудасы 5,3 болған жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Есептік қарқындылығы (балмен):
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы – 3 балл (66 км);
Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы – 3 балл (137 км);
Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2 балл (193 км);
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл (201 км);
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 2 балл (224 км);
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы – 2 балл (238 км);
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ж. Қайыпов ауылы – 2 балл (266 км);
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы – 2 балл (268 км);
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы – 2 балл (269 км).
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий