Қазақстан қолдау хатын жолдамады – Иран елшісі
2106
Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукар соңғы жағдайларға байланысты Қазақстан тарапынан ешқандай қолдау хабарлама келмегенін мәлім етті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол бұл туралы Астанадағы елшілікте өткен брифингте айтты
«Қазақстан – біз үшін дос әрі бауырлас ел. Мүмкін, демалыс күндері болғандықтан, Қазақстан билігі хабарлама жіберуге мүмкіндік таппаған шығар. Бәлкім, бүгін алғашқы жұмыс күні болғандықтан, қандай да бір хабарламалар келіп түсер», – деді ол.
28 ақпанда Израиль мен АҚШ-тың Тегеранға жасаған зымыран соққысы салдарынан 1989 жылдан 2026 жылға дейін Иранның Жоғарғы көшбасшысы болған Әли Хаменейдің қаза тапты. БАҚ мәліметінше, онымен бірге оның ұлы, қызы, күйеу баласы және немересі де қаза болған.
Иранда 40 күндік аза тұту жарияланды, еліміздегі Иран елшілігі аумағындағы ту төмен түсірілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...