Қазақстанда 2026 жылдан бастап не өзгереді?

30.12.2025 11:36 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Қазақстанда 2026 жылдан бастап не өзгереді?
0
186
Фото: коллаж politico.kz

2026 жылдан бастап Қазақстанда азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ең басты жаңалық – жаңа Салық кодексінің қабылдануы. Сонымен қатар жалақы, зейнетақы, құжат құны, мобильді аударымдар мен медициналық сақтандыру жүйесінде де жаңашылдықтар бар.

Салық жүйесіндегі басты өзгерістер

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық жүйесі жаңарады. Қосылған құн салығы (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға өседі. ҚҚС бойынша тіркелу шегі 40 млн теңгеге дейін төмендетіледі. Яғни жылдық айналымы осы сомадан асқан кәсіпкерлер міндетті түрде ҚҚС төлеуші болады.

Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге ҚҚС 5% болып белгіленіп, 2027 жылы 10%-ға өседі. Ал тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі, МӘМС аясындағы негізгі қызметтер мен әлеуметтік мәні бар бірқатар ем түрлері салықтан босатылады. Зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан толық босатылады.

Көлік салығы да жеңілдейді:

  • 10 жылдан асқан көліктерге – 30%,
  • 20 жылдан асқандарға – 50% жеңілдік беріледі.

Кімдер көбірек салық төлейді

2026 жылдан бастап жеке табыс салығы прогрессивті болады. Жылдық табысы 33 млн теңгеден асатын азаматтар 15% салық төлейді. Бұл норма жоғары табысты кәсіпкерлер мен дивиденд алатын азаматтарға да қатысты.

Байларға арналған салық

Жаңа жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі.

  • 75 млн теңгеден қымбат көлікке,
  • 100 млн теңгеден асатын яхта мен ұшаққа,
  • қымбат алкоголь мен темекіге 10% акциз салынады.

450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке де салық мөлшері жоғарылайды.

Зейнетақы, жалақы және АЕК

2026 жылдан бастап:

  • ең төменгі жалақы – 85 000 теңге
  • ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге
  • базалық зейнетақы – 35 596 теңге
  • АЕК – 4 325 теңге
  • күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге

Жасына байланысты зейнетақы төлемдері 10%-ға өседі.

Мобильді аударымдар бақылауға алынады

Егер бір адамның шотына 3 ай ішінде: 100-ден көп аударым түссе және жалпы сома 1 млн теңгеден асса
салық органдары тексеріс жүргізе алады. Күнделікті жеке аударымдар тексерілмейді, бірақ тұрақты әрі ірі түсім табыс ретінде қаралады.

МӘМС аясындағы жаңа мүмкіндіктер

2026 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру пакеті кеңейеді. Қант диабеті, ДЦП, ревматизм, гипертония, созылмалы бүйрек аурулары толықтай МӘМС есебінен емделеді. Гемодиализ бен бүйрек трансплантациясы да тегін болады.

Құжаттар қымбаттайды

АЕК өсуіне байланысты:

  • 36 беттік төлқұжат – 34 600 тг
  • 48 беттік төлқұжат – 51 900 тг
  • балалар паспорты – 17 300 тг
  • жүргізуші куәлігі – 5 406 тг

Алғашқы жеке куәлік тегін беріледі. Мерзімі өткен куәлік те ақысыз ауыстырылады.

Мектеп пен балабақша тексеріледі

2026 жылғы ақпаннан бастап мектептер мен балабақшаларға жоспардан тыс тексеріс жүргізілуі мүмкін. Бұл – балалар қауіпсіздігі мен қызмет сапасын бақылау үшін енгізіледі.

Зейнетақы жарналары

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасы 3,5%-ға өседі. Бұл 1975 жылдан кейін туған азаматтарға қатысты. 2028 жылға қарай мөлшерлеме 5%-ға жетеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий