Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазақстан аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 17 шілдеде – батыста, 18 шілдеде – солтүстік-батыста, 18-19 шілдеде – солтүстікте, 19 шілдеде – Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Ел бойынша желдің күшеюі болжанған.
Алдағы күндері елдің батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты ыстық – 41-44 градусқа дейін, оңтүстік-шығысында – 42-43 градусқа дейін көтеріледі. 17 шілдеде солтүстік-батыста, 18 шілдеде республиканың орталығында – 40 градусқа дейін өте қатты ыстық болады, 18-19 шілдеде оңтүстікте – 45-46 градусқа дейін көтеріледі.
Кезең соңында солтүстік өңірлерде ауа температурасының түнде 8-18 градусқа дейін, күндіз 17-25 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.
Соңғы жаңалықтар





