Қазақстанда бензин мен дизель бағасы өседі

Қазақстанда бензин мен дизель бағасы өседі, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі баға тым арзан, ал бұл жағдай ішкі нарыққа кері әсер етіп отыр.
«Бізде бензин мен дизель көршілес елдерге қарағанда әлдеқайда арзан. Соның салдарынан транзиттік көліктер арзан отынмен толтырылып, шекарадан тысқа тасымалданып жатыр. Бағаның мұндай айырмашылығы нарықты бұзады. Сондықтан біз жанармай бағасын біртіндеп нарыққа сай деңгейге көтереміз», — деді Роман Скляр.
Ол сондай-ақ Қазақстан мұнай өнімдерін жеткілікті көлемде өндірмей отырғанын мойындады.
«Бензин мен дизель бар, бірақ авиакеросин тапшылығы сезілуде», — деді ол.
Вице-премьердің сөзінше, бұл мәселені шешу үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезеңінің құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар, елдегі бар үш мұнай өңдеу зауытында да өндіріс көлемін ұлғайту көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар





