Қазақстанда енді 50 жастан асқандар мектеп күзетшісі бола алмайды
822
Қазақстанда білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, мектеп күзетшілеріне қатысты жаңа ережелер қабылданды. Бұл туралы Politico.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.
Жаңа талапқа сәйкес, енді мектептерде күзетші болып жұмыс істейтін азаматтардың жасы 25 пен 50 жас аралығында болуы тиіс. Сонымен қатар олар арнайы дайындықтан өтіп, физикалық дайындығы тексеріледі.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасаған немесе бұрын сотталған адамдардың білім беру ұйымдарында күзетші болып қызмет атқаруына тыйым салынады.
Бұған дейін көптеген мектептерде күзет қызметін көбіне зейнет жасындағы адамдар атқарып келген. Алайда жаңа талап күшіне енгеннен кейін жасы 50-ден асқан бірқатар қызметкер жұмыстан босатылған.
Осыған байланысты кейбір білім беру мекемелері уақытша күзетшісіз қалғаны айтылуда. Қазір мектептерде жаңа талаптарға сай келетін күзетшілерді жұмысқа қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...