Қазақстанда есірткі тұтынушыларын кәріз арқылы анықтамақ

16.04.2026 20:11 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстанда есірткі тұтынушыларын кәріз арқылы анықтамақ
229
Қазақстанда есірткіні анықтаудың жаңа жолы ұсынылды

Қазақстанда есірткі тұтынатын адамдарды анықтаудың жаңа тәсілі ұсынылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Астана қаласы мәслихатының депутаты Алтыншаш Табулдинаның айтуынша, заманауи технологиялар арқылы ағынды суларды талдау негізінде нақты ошақтарды тіпті жекелеген үйлер мен оқу орындарын анықтауға болады.

Депутаттың сөзінше, бұл әдіс кәріз жүйесінен алынған сынамалар арқылы есірткі заттарының ең аз мөлшерін де анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, тұрғын үйде, университетте немесе басқа да мекемеде есірткі қолдану фактілері бар екенін нақтылауға болады.

«Кәріз құбырларынан сынама алып, нақты қай жерде мұндай жағдайлар бар екенін көруге болады. Бұл бізге мақсатты топтарды анықтап, солармен жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді», – деді Алтыншаш Табулдина.

Ол қазіргі таңда мұндай әдістер кейбір ұйымдарда қолданылып жатқанын да атап өтті. Депутаттың айтуынша, тіпті аз мөлшердегі есірткі іздері де ағынды сулар арқылы анықталады.

Сонымен қатар, Табулдина жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге әуестік мәселесі әлі де өзекті екенін айтты. Оның пікірінше, алдын алу шаралары дәрістер, ақпараттық науқандар мен бейнематериалдар әзірге күтілген нәтижені бермей отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий