Жамбылда баланы өлімге жеткізген ауыл атаманы сотталды

16.04.2026 18:06 Арман Ермеков
Жамбылда баланы өлімге жеткізген ауыл атаманы сотталды
792
Politico.kz | ЖИ арқылы жасалған сурет

Жамбыл облысында мектеп оқушыларын қорқытып, тегін жұмыс істеткен ауыл атаманы мен екі жасөспірім 15 жастағы баланың өлімі үшін жазаланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өткен жылдың сәуір айында Жамбыл ауданының Тастөбе ауылында 9-сынып оқушысы өз қорасында асылып қалған. Бастапқыда оқиғаның себебі жеке мәселелер деп танылғанымен, кейіннен прокуратура ауыл ішіндегі "көшелік иерархия" әшкереледі.

Ауылда жастар арасында жазылмаған көше заңдары орнаған. 22 жастағы Шыңғысхан Әбдібаев өзін басшы етіп тағайындап, 10-11 сынып оқушыларымен бірге өзінен кіші балаларды қорқытып, өзіне тегін үй салуға жұмсаған. Олар қарсыласқан балаларды ұрып-соғып, түнде де ауыр жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Ауылдағылар мен мектептегілер жағдайды білсе де, дер кезінде тоқтатуға еш шара қолданбаған. Марқұм бала өліміне дейін үлкендер тарапынан ұзақ уақыт бойы қорлау мен психологиялық қысымға ұшырап, амалсыздан өзіне қол жұмсаған.

Бүгін Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы іске қатысты шешім шығарды.

Сот талқылауы барысында сотталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, олар баланы өзіне-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін кінәлі деп танылды, негізгі орындаушы 22 жастағы Шыңғысхан Әбдібаевқа 8 жыл, ал оның сыбайластары Ермахан Примбеков пен Санжар Құрманғазыұлына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий