Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылды

18.03.2026 18:04 Арман Ермеков
Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылды
52
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жаңа құрылым адам құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік отбасылық саясатты жетілдіру мақсатында жұмыс істейтін болады. Уәкіл өз қызметін Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында төрағаның орынбасары ретінде қоғамдық негізде жүзеге асырмақ.

«Уәкілдің негізгі мақсаттары отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту, отбасы институтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту, мемлекеттік отбасылық және демографиялық саясатты жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына жәрдемдесу болып белгіленсін», – делінген Президент бекіткен құқықтық актіде.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке осы құжаттан туындайтын тиісті шараларды қабылдауды жүктеп, оның орындалуын бақылауды Президент әкімшілігіне тапсырды. Аталған жарлық қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий