Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі бөлім басшысын қызметінен босатты

02.10.2026 • 18:57 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі бөлім басшысын қызметінен босатты
158
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Айдар Жарылғанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Жарылғанов Айдар Төлеутайұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Әзірге оның орнына кім тағайындалатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий