Қазақстанда референдум өтіп жатыр: Дауыс бергендер саны 19,21%-ға жетті
Референдумға 2,3 миллионнан астам адам қатысқан
15 наурыз күні өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс беру жалғасуда, деп хабарлайды Politico.kz.
Сағат 10:00-дегі алдын ала мәлімет бойынша, ел бойынша сайлаушылардың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген.Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, референдумға қатысуға құқылы азаматтардың жалпы саны 12 461 796 адамды құрайды. Оның ішінде 2 393 844 адам дауыс берген.
Өңірлер бойынша ең жоғары белсенділік Қарағанды облысында тіркелді — 26,64%. Одан кейін Қызылорда облысы — 24,02%, Ақтөбе облысы — 21,80%, Шымкент қаласы — 21,36% және Түркістан облысы — 21,21% көрсеткіш көрсетті. Ал ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында байқалды — 9,54%.
Дауыс беру учаскелері кешкі уақытқа дейін жұмыс істейді. Референдумның алдын ала нәтижелері дауыс беру аяқталғаннан кейін жарияланады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...