Қазақстанда шаруларға арналған дизель енді боялатын болды

Премьер-министр шаруалар үшін жеңілдетілген ЖЖМ туралы: Оны мақсатсыз пайдалану, алыпсатарлық өткізу және жасанды тапшылық жасау фактілеріне мүлдем жол беруге болмайды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов аграршылар үшін жеңілдікті дизель отынын тұрақты жеткізуді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
«Белгіленген көлемде арзандатылған дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл бірінші кезекте – әкімдіктердің жауапкершілігі. Бүгінгі таңда шамамен 210 мың тонна отын жөнелтілді.
Бұны мақсатсыз пайдалану, алыпсатарлықпен өткізу және жасанды тапшылық жасау фактілеріне мүлдем жол беруге болмайды.
Отынның барлық қажетті мөлшері фермерлерге бекітілген кесте бойынша жеткізіп берілуі тиіс»,
— деп атап өткен Премьер-министр облыс әкімдіктеріне жанар-жағармай материалдарымен үздіксіз жабдықтау мақсатында жүйелі мониторингіні қамтамасыз етіп, жеңілдетілген дизель отынының жөнелтілген және қалған көлемі туралы жаңартылған ақпаратты апта сайын Энергетика министрлігіне ұсынуды тапсырды.
Сондай-ақ министр АШТӨ үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданды: жеке ПИН-кодтар алынды, электронды счет-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құрылды.
Дизель отынын:
🟡Сары ("Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС),
🔵Көк ("Шымкент мұнай өңдеу зауыты" ЖШС)
🔴Қызыл («Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС) түстерге бояу жүргізілді;
Соңғы жаңалықтар





