Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеріссіз қалады - Үкімет нақты жауап айтты
849
Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның 5-ші уақыт белдеуіне көшуінің артықшылықтары туралы баяндады.
Министр шешім қабылдау кезінде Парламент депутаттары, мемлекеттік және жергілікті органдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, институттар мен қоғамдық бірлестіктер кіретін уақытты есептеу тәртібі бойынша арнайы құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының есебінде көрсетілген ғылыми негізделген дәлелдер пайдаланылғанын атап өтті. Табиғи уақыт жақтаушыларының халықаралық альянсы (IANT) Үкіметтің Қазақстанның орталық және шығыс облыстары үшін географиялық бойлыққа сәйкес келетін және халық үшін оңтайлы шешім болып табылатын UTC+5 уақыт белдеуін белгілеу туралы шешіміне оң қорытынды берді.
UTC+5 уақыт белдеуі еліміздің халқының 76%-дан астамы тұратын (15 млн 240 мың адам) Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қоса алғанда, 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықтарды қамтиды. Бүгінгі таңда әлемнің 195 елінің 117-сі географиялық уақытты стандартты уақыт белдеуіне мүмкіндігінше жақын етіп таңдады, өйткені адамның циркадты ырғағы табиғи күндізгі кезеңмен синхрондалады. Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды саналады, деді министр.
Премьер-министр сауда және интеграция министрі қолданыстағы уақыт белдеуінің пайдасына барлық жан-жақты дәлелдер келтіргеніне тоқталды.
Айта кетейік, бұған дейін бірыңғай уақыт белдеуінің пайдасы туралы жазған едік.
Қазақстанда уақыт есептеу жүйесінің қалыптасу тарихы алдыңғы уақыт белдеуі UTC+6 алғаш рет 1930-1931 жылдары декреттік, яғни “бұйрықтық” уақытты ("уақыт белдеуі+бір сағат") қолдану арқылы енгізілгенін көрсетеді. Аумақтардың көп бөлігі іс жүзінде 5-ші уақыт белдеуінде жатқанына қарамастан. Жалпы, советтік кезеңде Қазақстанда командалық-жоспарлы экономика мүддесі үшін табиғи уақыт белдеуі бұйрық тәртібімен 8 рет өзгерді. Нәтижесінде Қазақстан табиғи циклге сәйкес келмейтін уақыт белдеулерінде тұрды. Осылайша, UTC+5 біздің еліміз үшін жаңа белдеу емес, тарихи негізделген уақытқа оралу болып саналады, — деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Үкімет бұл шешімді қолдайды. Еліміздің аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан, сондықтан ғылыми тұрғыдан бұл дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырамын, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Соңғы жаңалықтар
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...
30.04.2026
20:42
«20 балл жинасаң жүргізуші куәлігінен айырылас...
30.04.2026
20:01
СҚО-да әйел өз өзін өртемек болып, жансақтау бө...
30.04.2026
18:33
Нұрай Серікбайдың туыстары күдіктінің жақындары...