Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер тағайындалған?

16.12.2025 17:52 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер тағайындалған?
0
55
Фото: pixabay

2025 жылы Қазақстанда Жаңа жылға орай көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге және мүгедектігі бар азаматтарға жаппай біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылмаған, деп хаюарлайды POLITICO.KZ.

BAQ.KZ сайтының мәліметінше, бірқатар өңірлерде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне және басқа да атаулы мерекелерге байланысты әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мысалы, Ақмола облысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысқан және қуғын-сүргінге ұшыраған 13 адамға 60 АЕК (235 920 теңге) көлемінде біржолғы төлем берілген. Маңғыстау облысында да Жаңа жылға арнайы төлем болмаса да, 16 желтоқсанға байланысты қолдау қарастырылған.

Астанада Жаңа жылға орай арнайы әлеуметтік төлемдер жоқ. Алайда қалада жыл бойы атаулы және мерекелік күндерге байланысты біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі бар. Бұл қатарға 8 наурыз, 9 мамыр, Мүгедектігі бар адамдар күні және 16 желтоқсан кіреді. Төлем мөлшері алушылар санатына қарай анықталып, мәслихат шешімімен бекітіледі.

Алматы қаласында да Жаңа жылға байланысты төлемдер қарастырылмаған. Әлеуметтік көмек тек қиын өмірлік жағдай туындаған кезде көрсетіледі. Табыс деңгейіне қойылатын талаптар сақталған жағдайда, аз қамтылған азаматтарға 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде біржолғы көмек берілуі мүмкін.

Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында да Жаңа жылға арнайы әлеуметтік төлемдер жоқ. Бұл өңірлерде қолдау тұрақты негізде немесе басқа атаулы күндерге, соның ішінде Тәуелсіздік күніне орай көрсетіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында Жаңа жыл әлеуметтік көмек көрсетілетін күндер тізіміне енгізілмеген. Ал 16 желтоқсанда азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы төлемдер төленеді, оның мөлшері облыс әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

Ерекше жағдай Ұлытау облысында тіркелген. Мұнда Жаңа жылға байланысты нақты санаттағы балаларға 20 000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек қарастырылған. Атап айтқанда, 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және 7–18 жас аралығындағы I, II, III топтағы мүгедектігі бар балаларға төлем жасалады.

Осылайша, 2025 жылы Қазақстанда Жаңа жылға орай жалпыұлттық әлеуметтік төлемдер көзделмеген, ал қолдау шаралары өңірлерде негізінен Тәуелсіздік күні мен басқа да атаулы күндерге байланысты жүзеге асырылады.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий