Путин Қазақстандағы орыс тілі мәселесіне пікір білдірді

28.05.2026 18:48 Қарақат АСЫЛОВА
Путин Қазақстандағы орыс тілі мәселесіне пікір білдірді
257
Фото: Ақорда
Путин Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесіне тоқталды

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда орыс тілінің мәртебесіне қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Астанада өткен жоғары деңгейдегі кездесуден кейін Тоқаев пен Путин бірнеше ортақ жобамен танысты. Олардың арасында Қазақстанға амур жолбарыстарын қайта әкелу бастамасы, жүргізушісіз жүк тасымалы бағыты және «Сириус» білім беру жобасы бар.

Келіссөздерден кейін өткен брифинг барысында Владимир Путин орыс тілі тақырыбына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанда орыс тілінің ресми қолданысы Конституция деңгейінде сақталған.

– Президент Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымын құру идеясын ұсынды. Наурыз айында Мәскеуде өткен министрлер конференциясы ұйым жұмысының басталуына негіз болды. Ресей бұл бастамаларды жоғары бағалайды. Біз Қазақстанда орыс тіліндегі білім беру сапасын арттыруға және жаңа мектептердің ашылуына қолдау көрсетіп келеміз, – деді Путин.

Еске салсақ, Конституцияға өзгерістер енгізу кезінде орыс тіліне қатысты норма қайта қаралған еді. Соның нәтижесінде мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен қатар ресми түрде қолданылатыны сақталып қалды.

Войдите, чтобы оставить комментарий