Тоқаев пен Путин: ортақ жобалар

28.05.2026 18:12 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев пен Путин: ортақ жобалар
65
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Ресей президенттері өнеркәсіп саласындағы жалпы құны $52,7 млрд болатын бірлескен жобалардың барысымен танысты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бүгінде елімізде ресейлік капиталы бар 17 мыңнан аса компания мен 3,5 мың бірлескен кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп тұр.

Металлургия, мұнай химиясы және машина жасау салаларын қамтитын 177 ауқымды жоба іске асырылып, нәтижесінде 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылмақ. Өңірлердегі маңызды өндірістер қатарында Атырау облысындағы полипропилен шығару кешені мен Қарағандыдағы шина зауыты бар. Сонымен қатар Павлодарда теміржол бөлшектерін шығаратын кәсіпорын жұмыс істеп тұрса, Қостанайда жүк көліктеріне арналған бөлшектер өндірісі іске қосылған.

Қазіргі таңда химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және шикізат өңдеу бағытында $10 млрд көлеміндегі тағы 24 жоба қолға алынып, қосымша 11 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Кездесу барысында мемлекет басшыларына «Астана – Мәскеу» бағытындағы жүргізушісіз жүк көлігі жобасы мен Амур жолбарыстарын жерсіндіру бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Астанадағы жаңа мектептің іргетасын қалауға рұқсат беріп, стратегиялық маңызы бар бірқатар құжатпен алмасты.

Войдите, чтобы оставить комментарий