Қазақстандық балуан Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды
1323
Қазақстандық дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam турнирінде ел намысын қорғады
Париж қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирінде қазақстандық спортшы Аман Бақытжан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Politico.kz
Турнирдің алғашқы күнінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аман Бақытжан іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Финалға шығу жолындағы белдесуде ол Украина өкілі Дильшот Халматовқа жол берді.
Ал қола жүлде үшін өткен белдесуде қазақстандық дзюдошы кубалық спортшы Джонат Чаронды жеңіп, Қазақстан қоржынына кезекті жүлдені салды.
Айта кетейік, Grand Slam турнирі – дзюдодан әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі саналады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
20:10
Олжас Бектенов әкімдерге өңірлердің кірісін арт...
13.10.2026
19:23
Мемлекет басшысы мен Бельгия Королі мен Патшайы...
13.10.2026
18:59
Семейде 20 жастағы қызды өлтірген жігітке 14 жы...
13.10.2026
18:43
Amanat партиясы мәслихат сайлауына қатысудан ба...
13.10.2026
18:29
Елде баға мен халықтың табысы қалай өзгерді?
13.10.2026
18:13
Мәслихат сайлауы қалай өтеді: маңызды күндер бе...