Қазақстандық келіншектің таңқаларлық оқиғасы: егіз көтеріп жүріп үшем босанды

11.12.2025 11:22 Айсұлу Мұрат
Қазақстандық келіншектің таңқаларлық оқиғасы: егіз көтеріп жүріп үшем босанды
0
131
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Қазақстандық блогер Ажар Қабитованың оқиғасы әлеуметтік желіні шулатты. Егіздерге жүкті болған келіншек көп ұзамай дәрігерлердің өздерін де таңғалдырған жағдайды бастан өткерген, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ажардың айтуынша, алғашқы тексеріс кезінде дәрігерлер тек екі баланы көрген. Бәрі қалыпты жүруі керек еді, алайда күтпеген жерден медицинада сирек кездесетін құбылыс – супефетация орын алған. Бұл – әйел жүкті болып жүрген кезде қайтадан жүкті болып қалуы.

Қарапайым тілмен айтқанда, Ажар егіз көтеріп жүрген кезде үшінші сәбиі бойына бітеді. Осылайша өмірге Әмре есімді ұлы келеді.

«Дәрігерлер бастапқы УДЗ-да екі баланы ғана көрсетті. Кейін сирек болатын жағдай орын алды – мен қайтадан жүкті болып қалыппын. Әмре осылай қосылды. Туылғанға дейін де ол 3-4 апта артта дамыды: кейін отырды, кейін еңбектеді, кейін жүрді», — дейді жас ана Instagram желісінде.

Үш бала бір күнде дүниеге келгенімен, олардың дамуы бір-бірінен шамамен бір айға дейін айырмашылықта болған.

Әлеуметтік желі қолданушылары мұны «табиғаттың ғажайып оқиғасы» деп атап, Ажардың батылдығына тәнті болуда. Келіншек парақшасында үшемнің күнделікті өмірі, дамуы мен тәрбие барысын жиі бөліседі.

Еліміздегі аса сирек тіркелетін бұл оқиға желіде қызу талқыланып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий