Қазақстандық спортшы Нидерландыда сенсация жасады
Евгений Кошкин халықаралық турнирде бәрін артта қалдырды
Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландының Леварден қаласында өткен «Серебряный шар» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Politico.kz.
Отандасымыз 100 метр қашықтықтағы жарыста үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Евгений Кошкин іріктеу кезеңдерінен бастап жартылай финал мен финалда да бірінші болып келді.Шешуші жарыста ол 9,56 секунд нәтижемен мәреге бірінші жетті.
Екінші орынды нидерландтық Стефан Вестенбрук 9,69 секунд көрсеткішпен иеленсе, үшінші орын Мац ван Де Босқа бұйырды. Оның нәтижесі – 9,82 секунд.
Айта кетейік, Евгений Кошкин 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метр қашықтықта өнер көрсетіп, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтаған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
15:43
Кондиционерсіз ұшақта 45 минут тұншыққан жолауш...
29.10.2026
15:35
Қазақстанда «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қ...
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)