Қазақстандық танымал трансгендер қайтыс болды

28.11.2025 10:40 Мөлдір Талғат
Қазақстандық танымал трансгендер қайтыс болды
0
1083
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Томирис Құсайынова

үржістанда қазақстандық трансгендер әйел Томирис Құсайынова көз жұмды. Әзірге оның нақты неден қайтыс болғаны белгісіз, деп хабарлайды POLITICO.KZ kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір оның туыстары мен достары марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу үшін қаржы жинап жатыр. Бұл жөнінде ЛГБТ құқықтарын қорғайтын халықаралық Medea ұйымы хабарлады.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, Томирис Тбилисидегі квир-қауымдастықтың “ең танымал тұлғаларының бірі” болған. 

“Ол адамдарды өзара байланыстырып, қоғамдар арасында көпір орната білген ерекше жан еді. Дәл осы энергия Гүржістан мен қазақстандық қауым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайтты”, – делінген жазбада.

Сонымен қатар Medea ұйымы Грузия мен Қазақстанда трансгендер тұлғаларды жүйелі түрде кемсіту және олардың негізгі құқықтарының бұзылуы әлі де үлкен мәселе болып отырғанын алға тартты.

“Көп жағдайда адамдарды елден кетуге мәжбүрлейді, алайда көшіп барған жерінде де олар зорлық-зомбылыққа, кемсітушілікке және миграциялық процестердегі немқұрайлылыққа тап болады”, – деп хабарлады ұйым.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий