Қазақстандықтар банк шотындағы ақшадан сыйақы ала бастайды
1477
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктер туралы заңға, сондай-ақ қаржы нарығын реттейтін бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.
Енгізілген түзетулерге сәйкес, енді банктер тек депозиттерге ғана емес, Қазақстан азаматтарының банк шоттарындағы қаражатқа да пайыз есептей алады. Бұл норма «Банктер және банк қызметі туралы» заңмен қатар, басқа да тиісті заңнамалық актілерге енгізілді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің түсіндіруінше, Азаматтық кодекске де өзгерістер енгізіліп, жеке тұлғалар мен компаниялардың банк шоттарына пайыз есептеуге бұрын болған тыйым алынып тасталды. Алайда мұндай сыйақының мөлшері шектеледі.
Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен банктерге карта шоттарын қоса алғанда, ағымдағы және тұрақты шоттар бойынша жылына 1%-дан аспайтын мөлшерде пайыз төлеуге рұқсат берілді.
Депутаттардың пікірінше, бұл шара:
- қолма-қол ақшасыз жинақтауды ынталандырады;
- азаматтардың банктегі қаражат ұстауға қызығушылығын арттырады;
- банктер арасындағы бәсекелестікті күшейтеді.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...