Қазақстандықтардың 300 млн теңгеге жуық айыппұлы кешірілуі мүмкін
1821
Әкімшілік рақымшылық аясында қазақстандықтардың 300 млн теңгеге жуық айыппұлы кешірілуі мүмкін, деп хабарлайды Politico.kz.
Мұны Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері мәлім етті.
Рақымшылық шарасы заңды және лауазымды тұлғаларға, қандастарға, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
Бұдан бөлек рақымшылық сот тағайындаған әкімшілік жазаларға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқықбұзушылықтарға қатысты жүрмейді.
Қаржы министрлігінің алдын ала есептеулері бойынша, әкімшілік рақымшылық айыппұлдары 298,4 млн теңге болатын 2 370 адамға қатысты болуы мүмкін. Оның ішінде 72,7 млн теңге қарызы бар 448 жеке тұлға және 225,6 млн теңге айыппұлы бар 1 930 жеке кәсіпкер бар.
«Түпкілікті көрсеткіштер заң қабылданып, ресми түрде қолданысқа енгізілгеннен кейін айқындалады», - дейді комитеттегілер.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...