«Қазақстандықтардың зейнетақысынан 20 пайыз ұсталады»: министрлік шұғыл мәлімдеме жасады
Еңбек министрлігі «зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді» деген желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Министрліктің мәліметінше, белгісіз тұлғалардың deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20% қысқартылады деген жалған мәліметі бар видеосы тарады.
1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10% артты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшері 120%-на дейін ұлғайтылып жатыр», – делінген хабарламада.
2026 жылдан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-нан 118%-на дейін ұлғайтылып, 60 005 теңге болды.
Еңбек министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салды.
Соңғы жаңалықтар