Қазақстандықтарға ескерту: Референдумға байланысты жаңа алаяқтық схемасы пайда болды
Қазақстандықтарды “референдумға тіркеу” сылтауымен алдап жатыр
Қазақстанда алаяқтардың жаңа тәсілі пайда болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Олар азаматтарға қоңырау шалып, алдағы референдумға «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Сонымен қатар мессенджерлерде «онлайн дауыс беруге қатысушыларды тіркеу жүріп жатыр» деген жалған хабарламалар таралуда.
Жалған ақпаратпен күрес орталығы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, референдум кезінде ешқандай телефон арқылы тіркеу, онлайн тіркелу немесе SMS-код сұрау қарастырылмаған.Дауыс беру тек сайлау учаскелерінде қағаз бюллетень арқылы өтеді. Мамандар азаматтарды белгісіз адамдарға жеке деректерін бермеуге және тек ресми сайлау комиссияларының ақпараттарына сенуге шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...