Қазақстанның бас мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді
1265
Қазақстанның бас республикалық мешітіне ресми түрде «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, жаңа атау ресми қолданысқа енгізілген. Басқарма өкілдері мешіттің ел мұсылмандары үшін маңызды рухани орталық болып қала беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, мешіттің қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға, ізгілік, мейірім және өзара құрмет құндылықтарын дәріптеуге бағытталған қызметін жалғастыратыны айтылды.
Айта кетейік, Астанадағы бұл мешіт 2022 жылдың тамыз айында ашылған. Оның құрылысына бастамашы болған – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінде ол Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі мешіт саналады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.10.2026
17:22
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне жауапты ұ...
11.10.2026
16:32
Әкімнің үйінде пеш түсіруге көмектескен оқушыны...
11.10.2026
15:30
Сауд Арабиясындағы әуежайға шабуыл жасалды: 12 ...
11.10.2026
14:32
Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды
11.10.2026
13:17
Алматыда әйелдің бөксесінен ұстап тиіскен шетел...
11.10.2026
12:21
Қайрат Нұртас концертіне қатысты қылмыстық іс қ...