Оралда көпқабатты үйдің ауласынан нәрестенің мәйіті табылды
778
Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, мән-жайды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша жедел-іздестіру шаралары басталды.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары нәрестенің анасын анықтау бағытында жұмыс жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр. Іс аясында қажетті сараптамалар тағайындалған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Құзырлы органдардың тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға берілетін болады.
Соңғы жаңалықтар
19.08.2026
16:10
Гүлзира Айдарбекованың отбасында қаралы жағдай ...
19.08.2026
15:51
«Қазақмыс» «Батыс» кенішіндегі жерасты техникас...
19.08.2026
15:46
Алматы тауларында туристер адам мәйітін тапты
19.08.2026
15:00
"Бір пәсте бәрі шашылып қалады": Роза Әлқожа ж...
19.08.2026
14:02
"Тектік тамыр бір": Айгүл Иманбаева әкесі бір, ...
19.08.2026
13:43
Қазақмыс пен әкімдік Жезқазғанда стадион салуға...