Қазақтар өсек айтудан әлемде бірінші орын алады — Омар Жәлел

Абайтанушы, бизнес-коуч Омар Жәлел қазақ тілінде сөйлеудің маңызы туралы Ұлан Құрманғалиевтің подкастында ой бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. Todayinfo.сайтына сілтеме жасап.
Ол ана тілі тек коммуникация құралы емес, адамның өз болмысын тануы үшін керек дейді.
«Біз қазір болымсыз дүниеге құмармыз, өсек айту, ғайбаттау, бір-бірімізді қаралау, тырнақ астынан кір іздеуге шеберміз. Әлемде өсек айтудан жарыс болса, бірінші орын алар едік. Ал бұл неден туындап отыр? Осының бәрі болмысты түсінбеуден болады. Адам өзінің болмысын ашса, онда оның ешкіммен шаруасы болмайды. Қазір көп адам жұрттың пікіріне тәуелді, өйткені олардың өз ойы жоқ. Ал ой болу үшін – тілді түсіну керек», – деді Омар Жәлел.
Спикердің айтуынша, ана тілін үйрену арқылы адам тек мәдениетке емес, өзінің ішкі әлеміне де үңіле алады.
Соңғы жаңалықтар





