"Қазақтың ақшасын шетелге миллиардтап жібердім": Айнұр Тұрсынбаева жан сырын ақтарды

Танымал айтыскер ақын әрі желілік компания жетекшісі Айнұр Тұрсынбаева өзінің кәсіпкерлік жолының бастауын және басты мақсаттарын әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бизнеске келуінің басты себебі – табыс табудан бұрын қазақ халқын қолдап, ұлттық рухты көтеру болған. Бұл ұстанымы бүгінде оның табысты жобалар мен бастамаларының негізіне айналып отыр.
Айтыскердің айтуынша, ол шетелдік желілік маркетинг компанияларын алып келіп, сол арқылы табыс табуға мүмкіндігі бола тұра, отандық жобаны таңдауды жөн көрген. Себебі, өз еліңнің мінберінде тұрып, өз халқыңа қызмет ету – ең үлкен абырой. "Қазақтың ақшасы шетел асып кетпеуі керек" деген ұстанымды ұстана отырып, Тұрсынбаева ұлттық намыс пен рухты алдыңғы орынға қойды.
Ол өз сөзінде Батыс өңіріндегі Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау қалаларындағы қолдаушыларға алғысын білдіріп, бұл кездесулердің жадында мәңгі қалатынын атап өтті. "Біз SAAD арқылы табысқа жетіп, жақсы орта қалыптастырып, қазақты қолдап, ұлттық құндылықтарды биік қояйық", – деп үндеу тастады ақын.
Алдағы уақытта оңтүстік өңірлерді аралауды жоспарлап отырған Айнұр Тұрсынбаева бұл сапарлар арқылы өз миссиясын одан әрі жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. Оның рухты, жігерлі сөздері көптеген тыңдарман мен кәсіпке бет бұрғысы келетін азаматтарға шабыт сыйлап отыр.
Соңғы жаңалықтар





