Қазақтың халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 89 жасқа толды

05.01.2026 10:20 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Қазақтың халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 89 жасқа толды
0
4649
әлеуметтік желі

Бүгін, 5 қаңтарда қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов 89 жасқа толды, деп хабарлайды Politico.kz

Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы Талдықорған облысының Доланалы ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, кәсіби музыкалық білім алды. Еңбек жолында Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, кейін Қазақ радиосы мен телевизиясында қызмет атқарды.

1976 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің жетекші әншісі ретінде танылып, осы ұжымда 20 жылға жуық еңбек етті. Оның орындауындағы әндер қазақ сахнасының алтын қорына енді. Композитор Нұрғиса Тілендиев әншіге арнайы жазған «Саржайлау», «Ақ құсым», «Жетісуым» және басқа да туындыларымен халықтың ерекше ықыласына бөленді.

Айта кетейік, 2019 жылы Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдештіге үйленген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий