«Қазақтың сахнасын аяймын»: Ақбота Керімбекова Роза Рымбаеваның сөзінен шошып, ашық үндеу жасады

11.12.2025 10:02 Айсұлу Мұрат
«Қазақтың сахнасын аяймын»: Ақбота Керімбекова Роза Рымбаеваның сөзінен шошып, ашық үндеу жасады
0
191
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Ақбота Керімбекова

Қазақстан эстрадасының белді өкілі Ақбота Керімбекова аңыз әнші Роза Рымбаеваның “Сахнадан кетуім мүмкін” деген сұхбатына алаңдаушылық білдіріп, желіде жанайқайын жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Желіге кіріп, сұхбатты көрген бойда есеңгірегенін жасырмаған Ақбота апайын тоқтатуға тырысты.

«Шын таланттардың сахнадан алыстағанына жаным шыдамайды», – дейді ол.
Әншінің айтуынша, Роза Қуанышқызы – қазақ эстрадасының деңгейін көтерген, кәсібиліктің өлшемін жасаған бірегей тұлға.

«Эстрадаға келгенде жеңілтек көзқарас қалыптасады. Бірақ Рымбаева дегенде бәрі салмақтана түседі. Ол – сахнаға кәсібилікті алып келген адам. Өзінен кейінгі буынға талап қойып, бүкіл бір дәуірдің мәдени стандартын қалыптастырды», – деп жазады Ақбота.

Әнші бүгінде шоу-бизнестегі жөн-жосықсыз жұлдыз жасаушылықтан шаршағанын да жасырмады.

«Шөп те өлең, шөңге де өлең. Әншісі де, әнші емесі де жұлдыз боп жүр. Қазақтың әнін, сахнасын аяймын», – деп ашынды ол.

Кей сәттері өзі де бәрін тастап кеткісі келетінін айтқан Ақбота, Роза Рымбаеваның да дәл сондай бір әлсіз сәттің әсерімен айтқан сөзі болуы мүмкін екенін атап өтті.

Ақбота Керімбекова халықтың атынан аңыз әншіге ашық өтініш айтты:

«Роза Қуанышқызы, сахнадан кетемін демеңіз! Қазақ өнері сізсіз тұл».

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий