«Қазір маған қарыз»: Жахан Отарғалиев әкесімен 10 жыл бойы сөйлеспегенін айтты

12.11.2025 09:30 Әсел Мұрат
«Қазір маған қарыз»: Жахан Отарғалиев әкесімен 10 жыл бойы сөйлеспегенін айтты
0
195
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Жахан Отарғалиев

Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында өзімен 10 бойы сөйлеспеген әкесі туралы жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Жазуынша, 2007 жылы әкесін қатты ренжітіп алып, екеуі 10 жыл бойы сөйлеспей жүрген.

«2007 жылы әкем маған ренжіп, 10 жыл бойы сөйлеспей жүрді. Сол жылы КВН ойнағаным үшін оқудан шығарып жіберді. Содан бәрін тастап, арман қуып Алматыға келдім. 2008 жылы КТК телеарнасындағы екі шоуға резидент болдым. 2010 жылы ауылға қайтып, ата-анама көмектестім. 2011 жылы өнерге қайта оралып, төрт жыл бойы «Базар жоқ» театрының авторы, сценаристі болып жұмыс істеймін. 2012 жылы той саласына кіріп, 2015 жылы толық осы салаға көшемін. Той басқарып жүріп, ата-анама Оралдан үй салып беремін. Сөйтіп 10 жыл бойы сөйлеспеген әкемнің батасын алдым. Әкем менімен сөйлеспегенінінің себебі өз еркіммен азамат болып өскенімді қалады. Қазір әкем маған қарыз», – деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий