ҚМДБ 2026 жылғы пітір садақа мөлшерін белгіледі

11.02.2026 14:47 Мөлдір Талғат
ҚМДБ 2026 жылғы пітір садақа мөлшерін белгіледі
109
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылға арналған пітір садақа мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Биыл пітір садақа мөлшері 735 теңге болып белгіленді.

Бас мүфтидің айтуынша, 2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал 16-нан 17-наурызға қараған түн – Қадір түні, ал 20 наурыз – Ораза айт мерекесі.

«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесінің шешімін және ғылыми зерттеулерді ескеріп, ортақ пәтуа қабылдадық», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қарыз оразаны өтеу тәртібі

ҚМДБ түсіндірмесіне сәйкес, өткен Рамазан айында белгілі бір себеппен (ауру, сапар және т.б.) ұстай алмаған күндер міндетті түрде қаза етілуі тиіс. Қаза ораза бөлек ниетпен ұсталады және оны Рамазан оразасымен біріктіруге болмайды.

Ханафи мәзһабы бойынша, қарыз оразаны келесі Рамазанға дейін өтеу – міндет, бірақ оны дереу өтеу шарт емес.

 

 

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий