"Қолхат жаздырып, қорқытқан": 17 жастағы Ясминаның қазасына қатысты сұмдық деректер шықты
Алматы облысы Көкқайнар ауылында 17 жастағы 11-сынып оқушысы Ясмина Ізімжан көз жұмып, оның туыстары мектеп мұғалімі тарапынан қатты психологиялық қысым болғанын мәлімдеді деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдай 23 сәуір күні орын алған. Марқұмның анасының сөзіне қарағанда, қысымға оқушының 19 жастағы жігітпен қарым-қатынасы себеп болған. Бұл байланысқа жігіттің анасы, яғни сол мектептің мұғалімі үзілді-кесілді қарсы шыққан. Туыстарының айтуынша, педагог тарапынан ұлтаралық араздық сипатындағы сөздер айтылып, оқушыны сотпен, ата-анасын шақыртумен қорқытып, араласпау туралы қолхат жаздырған.
Марқұм соңғы хатында "Мама, папа, мен сіздерді жақсы көремін. Менде басқа амал болмады" деген жазба қалдырған.
Қыздың жақындары желіде арнайы парақша ашып, 4 ай өтсе де тергеу нәтиже бермей, аталған ұстаздың балалармен жұмысын жалғастырып жатқанын айтып, прокуратура мен Оқу-ағарту министрлігіне шағымданған.
Оқиғаға қатысты "Menin mektebim" жеке мектебінің әкімшілігі құқық қорғау органдарына толық қолдау көрсетіп жатқанын жеткізді.
"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар тергеп жатыр. Мектеп қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуда. Тергеу аяқталып, іс жүргізу шешімі қабылданғанға дейін мектеп әкімшілігі түсініктеме беруден бас тартады. Ресми нәтижелерді күтуді сұраймыз", – деп хабарлады білім ордасы.
Соңғы жаңалықтар