«Қолынан ұстауға болмайды»: Ауғанстандағы жер сілкінісі кезінде әйелдер құтқарылмаған

«Қолынан ұстауға болмайды»: Ауғанстандағы жер сілкінісі кезінде әйелдер құтқарылмаған
09.09.2025 17:14
0
183
Фото: AFP via Getty Images

The New York Times газетінде Ауғанстандағы сілкінісіндегі құтқарушылардың алдымен ерлер мен балаларды құтқарып, әйелдерді үйіндіде қалдырып кеткені айтылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.  


«Талибан енгізген тыйымдар себеп болған – оларға бөтен әйелге қол тигізуге рұқсат жоқ», - дейді әлемдік басылым.

Нәтижесінде жүздеген әйел көз жұмды, ал тірі қалғандары қырық сағаттан кейін ғана медициналық көмекке қол жеткізген.
Кунар провинциясындағы куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем қызметі ер адамдар мен балаларды тасып әкетсе, қыздар мен әйелдер еш жәрдемсіз бұрышта қалған. Құтқарушылар оларды оларды мүлде байқамағандай әрекет еткен.
Ресми деректерге сәйкес, апаттан 2 200- ден астам адам қаза тауып, шамамен 4 мың адам жарақат алған. Жергілікті билік шатыр жетіспеуіне байланысты зардап шеккендерді орналастыруда қиындыққа тап болып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий