Қордайда 2 жасар бүлдіршін балабақшада бассейнге батып кетті
778
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Қалғұты ауылында орналасқан балабақшалардың бірінде орын алған қайғылы оқиға салдарынан 2 жасар сәби көз жұмды. Бүлдіршін балабақша ауласында тұрған үрлемелі бассейндегі суға батып кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл сұмдық жайт туралы журналист Руслан Өтепбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Қайтыс болған баланың анасы балабақша қызметкерлерінің өз міндеттеріне салғырт қарағанын айтады. Оның айтуынша, бақылаусыз қалған бүлдіршін ауладағы бассейнге құлап кеткен.
Баласынан айырылған отбасы бұл оқиға бойынша әділ әрі жан-жақты тергеу жүргізілуін талап етуде.
«Баламның өліміне кімнің жауапты екенін анықтап, қызметіне салғырт қараған және қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар заң алдында жауап берсін », – дейді сәбидің жақындары.
Қаралы отбасы бүлдіршіннің бассейнге қалай тап болғанын, сол мезетте тәрбиешілердің қайда жүргенін және балалардың қауіпсіздігіне кім тікелей жауапты екенін анықтауды сұрайды.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
23:32
Ерлан Қарин Джеки Чанмен Қазақстандағы киножоба...
06.10.2026
23:28
Аптасына екі, жылына 120 кітап оқимын — Айдос С...
06.10.2026
23:17
Айдос Сарым: Билікті қатты сынап жүргендердің о...
06.10.2026
23:00
Блогер Дастан Мұхамедрахым: Менің үйім де, көлі...
06.10.2026
22:11
Айтуған Ғалымов: Әйелімнің тісін сындырған жоқпын
06.10.2026
21:49
Дастан Мұхамедрахым: Маңғыстаудікіндей табиғат ...