«Қорқытқан шығар»: «Руың кім?» фильмінің сценарисі қысым жасалғанын айтты

20.12.2025 16:31 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Қорқытқан шығар»: «Руың кім?» фильмінің сценарисі қысым жасалғанын айтты
0
56
instagram/nurzhan_yerkinuly

«Руың кім?» фильмінің сценарисі Нұржан Еркінұлы картинаның қазақстандық прокаттан алынғанын хабарлады. Оның айтуынша, фильмді таратушы компания жобаны өз еркімен тоқтатқан, алайда автор мұндай шешімге күмән келтіреді, деп хабарлайды Politico.kz

Нұржан Еркінұлының мәлімдеуінше, фильм жақсы табыс әкеліп жатқандықтан, оны прокаттан ерікті түрде алып тастау қисынсыз. Автор мұның артында қысым болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Шынымды айтсам, қатты таң қалып отырмын. Мен жазған фильм бұлай резонанс тудырады деп ойламадым. Бүгіннен бастап “Руың кім?” фильмін прокаттан алып тастады. Мен өзі алып тастады дегенге сенбеймін. Қорқытқан шығар. Түсінікті қып сөйлескен шығар, себебі жақсы ақша әкеп тұрған киноны ешкім өз еркімен тоқтатпайды. Тәуелсіздік алғалы мұндай цензура болған емес. Тарихта қалдық», – деп жазды ол.

Сондай-ақ сценарист фильм мазмұнына сенімді екенін айтып, депутат Ерлан Саировты картинаны бірге көруге шақырды.

«Фильм бірлікке үндейді. Руға бөлінбеу жайлы айтылған сахналарда реакцияңызды көргім келеді. Автор ретінде материалға толық сенемін», – деді Еркінұлы.

Ол фильм мемлекеттік қаржыландырусыз түсірілгенін де атап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий