Қостанай облысында немересін құтқармақ болған атасы да суға кетті
Қостанай облысында суға кеткен атасы мен немересінің денесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы өзен жағасында демалып отырған кезде бала су жиегінде ойнап жүріп, қатты ағыс аймағына түсіп кеткен. Оқиғаны көрген атасы немересін құтқаруға ұмтылғанымен, өзеннің қатты ағысы екеуін де ағыс бойымен алып кеткен.
Оқиға орнына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, полиция қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем бригадасы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және «10 регион», «Барс»,«Дос» еріктілер тобынан 70 адам, 15 техника, 9 жүзу құралы, 4 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындар көмек көрсетуде.
Іздестіру басталғалы су айдынының акваториясында жалпы көлемі 70 мың шаршы метр аумақ тексерілді.Үш сүңгуір тобы жұмыс істеп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...