Қостанайда ер адам қызғаныштан ажырасып кеткен әйелін атып өлтірген

13.08.2026 10:22 Әсел МҰРАТ
Қостанайда ер адам қызғаныштан ажырасып кеткен әйелін атып өлтірген
39
Фото: ашық дереккөз

Қостанайда ер адам қызғаныштан аңшылық мылтықпен ажырасып кеткен әйеліне екі рет оқ атқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қостанай қаласының тұрғынына қатысты адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Сот анықтағандай, 2026 жылы наурызда бұрынғы жұбайын қызғаныш негізінде өлтіру мақсатында барған ер адам аңшылық карабиннен бұрынғы жұбайының басы мен кеуде тұсына көздеп екі рет оқ атқан, алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған, одан кейін сотталушы оқиға орнынан кетіп қалып, өз еркімен полиция органдарына барып, кінәсін мойындап арыз жазған.

Прокурор сотталушыға 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап соттан ең жоғары жаза тағайындауды сұрады. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындады.

«Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жағдайларға сот кінәсін мойындауды және және шын жүректен өкініш білдіргенін таныды. Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылық аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Сот талқылауының қорытындысы бойынша сотталушыны сот кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтей отырып, 12 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», делінген сот хабарламасында.

Сот жазаның мөлшері мен мерзімін Қылмыстық кодекстің 55-бабының 2-бөлігінің талаптарын ескере отырып тағайындады, өйткені жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімі немесе мөлшері Қылмыстық кодекстің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің бестен төртінен аспайды.

Сот азаматтық талапты ішінара қанағаттандырды, жәбірленушілердің пайдасына моральдық зиянды өтеу өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий