Қостанайда мысық тістеп алған әйел қайтыс болды

Қостанайда мысық тістеп алған әйел қайтыс болды
Фото: freepik.com

Қостанай облысының Лисаков қалалық ауруханасына 2025 жылдың мамыр айында жатқызылған Камысты ауданының тұрғыны құтырманың клиникалық белгілерімен көз жұмды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Баймұхаметовтың айтуынша, эпидемиологиялық тексеру барысында зардап шегушіні үй мысығы тістегені анықталған. Оқиғадан кейін жануар жоғалып кеткен.

«Ол медициналық көмекке уақытылы жүгінбеген, профилактикалық вакцина алмаған. Құтырманың клиникалық белгілері пайда болған кезде ғана дәрігерге жүгінген, ол уақытта тым кеш болды», – деп түсіндірді ведомство.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу