Қостанайдағы білім саласында шу: бөлім басшысы тергеуге ілікті
HALYQSTAN мәліметінше, кеше Қостанай қалалық білім бөлімінің ғимаратында тергеу әрекеттері жүргізіліп, тінту жасалған, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала ақпарат бойынша, тергеу аясында бөлім басшысы Гүлсім Оразбаева, оның қарамағындағы қызметкерлер, сондай-ақ бірнеше мектептің бұрынғы және қазіргі директорларының қызметі тексерілген. Олардан жауап алынғаны хабарланды.
Дереккөздердің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу бір топ адамның алаяқтық әрекеттеріне қатысты болуы мүмкін.
Сондай-ақ бірнеше ақпарат көзі Гүлсім Оразбаеваның кеше кешке ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Алайда оның іс бойынша нақты процессуалдық мәртебесі – күдікті ме, әлде қорғауға құқығы бар куәгер ме – әзірге белгісіз.
Қазіргі уақытта оған қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Оқиғаға байланысты ресми органдар әзірге түсініктеме берген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...