Қостанайдағы пәтерде жөндеу кезінде мылтықтан оқ атылды
Қостанайдағы тұрғын үйде оқ атылуына байланысты тергеу басталды
Қостанай қаласындағы Қорған көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде жөндеу жұмыстары кезінде алдын ала мәлімет бойынша, тегіс ұңғылы қарудан абайсызда оқ атылған, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға салдарынан көрші пәтердің кіреберіс есігі зақымданған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі дереу жетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, пәтердің есігін ашып, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында пәтерден қару табылмаған. Қазіргі уақытта полиция қару иесінің кім екенін, оның қайда екенін, сондай-ақ қарудың шығу тегі мен заңды түрде сақталған-сақталмағанын анықтап жатыр.
Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...