"Қой сияқты бауыздаған": Алматыда әйелін өлтірген актер туралы тың дерек шықты
4367
Алматылық заңгер Арман Шәріп Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері Гауhар Шарипова мен оның күйеуі Мұхитдин Шынтаевтың өлімі туралы el.kz сайтының "Заң және тәртіп" подкастында қонақта болып, сұмдық дерекпен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Заңгер сол күнгі актерлердің өлі денесін өзі көрген.
«Күйеу балам Мұхит қызғаншақ еді. Сол қызғаныштың арқасында үйде күнде ұрыс болатын. Қарындасым жасыратын, бірақ сезетін, себебі күйеуі көк ала қойдай қылып ұрып тастайтын. Маған көрсетпейтін, бірақ өзім сезіп, бірнеше мәрте көргенмін.Сол барлығына заңның жұмсақтығы. Он жыл бұрын болған оқиға ғой. Қазіргідей қатаң емес еді. Сондай ұрып-соғу орын алғаннан бастап әйелдің құқығы қорғалу керек еді, дейді ол.
Заңгердің айтуынша, олай болмай, ақыр соңы қарындасынан айырылып қалған.
Оқиға театрдың жертөлесі сияқты кішкентай бөлмеде болған. Қойды бауыздағандай сол бөлменің барлығы қан еді», - дейді заңгер.
@askarbekkazangap Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамның үлкен қасіреті. Бас жарылса бөрік ішінде деп үндемеудің соңы осындай қайғылы жағдайға ұласатыны өкінішті… #асқарбекқазанғап #заң#тұрмыстықзорлықзомбылық ♬ оригинальный звук - Асқарбек Қазанғап
Соңғы жаңалықтар
14.06.2026
18:09
Нұрай Серікбай ісі бойынша тергеу аяқталды
14.06.2026
15:49
Қытайда қайыршы роботтар пайда болды
14.06.2026
14:25
Қазақстанда ым тілі ресми мәртебеге ие бола ма?...
14.06.2026
13:33
AMANAT пен Әділет бірікті
14.06.2026
13:21
Елордада Әділет партиясы бас қосты
14.06.2026
12:28
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліс неде...