Құлсарыда балалар анасының өмірін сақтап қалды
978
Газ иісін сезген көршілер мен балалардың әрекеті адам өмірін құтқарды
Құлсары қаласында балалардың қырағылығының арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы полиция қызметкерлері хабарлады. Оқиға кезінде балалар сыртта ойнап жүріп, үйге қайтып келгенде пәтерге кіре алмаған. Сол сәтте олар бірден полицияға жүгінген. Сонымен қатар, көршілер де үйден қатты газ иісі шығып жатқанын байқаған.
Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары есікті бұзып кіріп, пәтер ішінен 47 жастағы әйелді ес-түссіз күйде тапқан. Зардап шегуші дереу қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізілді.
Кейін анықталғандай, ас үйдегі газ ашық қалып, пәтер ішінде газ жиналған. Балалардың дер кезінде әрекет етуінің арқасында үлкен қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...